Оралда көпқабатты үйдің ауласында 9 жасар баланы тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
«Мой город» порталының мәліметнше, қайғылы оқиға кеше кешке Чагано-Набережная көшесіндегі №82 үйдің жанында болған. Куәгерлердің айтуынша, бала жоғарғы сымға ілініп қалған добын алмақ болып, трансформаторлық станцияның төбесіне шыққан. Сол жерде оны тоқ ұрған.
Батыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, баланың жағдайы өте ауыр.
Қазір ол Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денесінің 95 пайызы күйген, күйіктің деңгейі – төртінші дәрежеде, – деді басқарма өкілі.
Полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу жүріп жатыр.