Мәдениет

Алматы облысында бірлік күніне орай ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды

15:11, 02 мамыр 2025 23

Алматы облысында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қонаев қаласының шетінде жаңа жасыл белдеу іргетасы қаланды. Жобаның мақсаты – көміртек ізін азайтып, тұрақты орман экожүйесін қалыптастыру.

Ал, қала орталығындағы алаңда этномәдени көрме ұйымдастырылды. Қазақ, шешен-ингуш, кәріс, татар-башқұрт, орыс, ұйғыр, түрік және тәжік диаспораларының өкілдері ұлттық тағамдарын, қолөнер бұйымдарын ұсынып, «Ауыл шеберлері» этноаймағында шеберлік сабақтарын өткізді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған қауымды құттықтады.

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – достықтың, өзара түсіністік пен келісімнің нышаны. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді халқымыз. Этностар арасындағы ауызбіршілік пен сыйластықтың арқасында еліміз дамып, алға басып келеді. Қазақстанның басты жетістігі – ұлтаралық келісім. Біз оны сақтап, нығайта білуіміз керек, – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ, өңір басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды салтанатты түрде табыстады. Бұл марапатты 17 этномәдени бірлестіктің белсенді мүшесі иеленді.

Өңірде ұлттық киімдер шеруі, сондай-ақ, Б.Соқпақбаев атындағы саябақта «Бірлік жүгіруі» ұйымдастырылды. Спорттық бастамаға 300-ге жуық адам қатысты.

Қазақстан халқының бірлігі күніне және «Таза Қазақстан» мемлекеттік акциясы аясында Шеңгелді ауылында 10 мың ағаш отырғызылғанын да айта кетейік.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз