Қоғам

«Олар мені қызғанады»: Бекболат Тілеухан үш әйелі туралы

14:19, 24 қазан 2025 31

Экс-депутат әрі қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан Qasqa Jol YouTube арнасы берген сұхбатында үш әйелі туралы айтқан, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бекболат Тілеухан үш жарымен қарым-қатынасы жайлы айтып, олардың арасында қызғаныштың барын жасырмады.

"Олар мені қызғанбайды деп айта алмаймын. Қызғанады ғой. Үшеуі де мені сүйеді. Олар мені жек көрмейді. Тату ұстауға тырысамын. Адамзаттың эталоны, идеалы Пайғамбарымыздың әйелдері де бір бірінен қызғанды ғой. Ал кешегі советтік идеологиядан шыққан менің әйелдерім қызғанбайды деп айту өтірік болады. Қызғанады.

"Бөрі арығын білдірмес" деген, ішкі проблемаларымыз ғой бұл. Қайтеміз енді, бұл менің тағдырым ғой. Бірақ бір нәрсені білем, менің полигамды некемнен қазақ зиян көрген жоқ. Тілеухан әулеті зиян көрген жоқ", - деді белгілі жыршы.

Айта кетейік, қазір Бекболат Тілеуханның үш әйелінен 14 баласы бар екені елге белгілі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз