Қоғам

«Назарбаевты жамандамаған адам»: Танымал актер Бекболат Тілеуханды жер-көкке сыйғызбай мақтады

12:30, 20 қазан 2025 30

Танымал актер Нартай Сауданбекұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан туралы жазды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаман пікір айтпаған санаулы адамдардың бірі — Бекболат Тілеухан.

«Бекеңнің ән өнеріне қосқан үлесі ұшан теңіз. Кейін ән, өнер зерттеушілер Бекеңнің өз бағасын бере жатар. Бірақ өз басым бұл кісіні феномен деп білем. Мағауин 7 ғасырды жырлатып түгендегені қандай құнды болса Бекеңнің сол жыраулар насихатын күйге салып біздің құлаққа жеткізгені содан кем емес дүние. Қазтуған, Ақтамберді жыраулардың жырын, Абай өлеңдерін анандай қылып жырлау... әй білмеймін басқа біреудің қолынан келе қоймас ау сірә.

Қазақта шамаң келсе "Шаманы" шырқашы деп жатады. Бекеңнің Шаманы шырқауы қандай.
Қайран да менің еділімнің ар жағындағы домбыра партиясы тіпті сұмдық енді. Солардың бәрін бір мақтау сөзге сыйдырып алдына төге салдым не болса да. Мықтыны мықты дей білу керек қой. Бір жылы сөз қимайтын тас бауыр боп барамыз әйтпесе.

Сосын сөзім сөз. Бұрыңғы президентті жамандамаған екі-үш ақ адам болса соның бірі осы Бекең. Аяғына дейін адалдығынан айнымады. Тіпті Мырзекең аунап түсіп жатса дағы, өз басына таяқ пен сөз қарша бораса да айнымады. Ал бұл нағыз еркекке тән қасиет. Аман болыңыз аға», - деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз