Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламамен жұмысқа орналасқан жастардың жалақысын төлемеген шенеуніктер жазаланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
«Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 тұлғаға қатысты қаңтарды 263,9 млн теңге жалақысы төленбеген.
Қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесімен 2360 жас жұмыскердің жалақысы толық төленіп, конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті мекеменің басшылары мен қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды, – делінген хабарламада.
Облыс прокуратурасы осы тектес заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қадағалау шараларын күшейтіп, азаматтардың еңбек құқықығын қорғау бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр.