Қоғам

Төтенше жағдайлар министрі шахтадағы кеншілердің жағдайын тексерді

13:38, 13 сәуір 2025 26

Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов «Qarmet» АҚ-ның көмір және болат департаменттеріне қарасты нысандарды аралады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Сапар барысында ведомство басшысы компания шахталарында енгізілген позициялау жүйесімен танысты. Бұл заманауи технологиялық шешімдер кеншілердің нақты уақыт режимінде орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін аса маңызды.

Шыңғыс Әрінов «Саран» шахтасына түсіп, 540 метрлік горизонтта орналасқан көмір қазу комбайнының жұмысын көріп, кеншілердің еңбек жағдайымен танысты.

Министр Көмір департаментінің диспетчерлік-аналитикалық орталығының жұмысына ерекше назар аударды. Бұл жерде шахталардың жағдайы тәулік бойы бақыланып, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің сақталуы тексеріледі және төтенше жағдайлар кезінде жедел басқару жүзеге асырылады.

Содан соң Шыңғыс Әрінов «Qarmet» АҚ Болат департаментіне қарасты ыстық мырыштау және алюминийлеу цехының жұмысымен танысты. Сонымен қатар министр өндірістік процестер мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қарап шықты.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз