Amnesty International ұйымының дерегінше, былтыр өлім жазасына кесілгендер көбейіп кеткен деп хабарлайды bairaqmedia.kz
2024 жылы барлығы 1518 адам өлім жазасына кесіліп, үкім орындалған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 32 пайызға көп. Сонымен қатар, өлім жазасын қолданатын елдер саны азайғаны байқалған.
Өлім жазасын орындау саны бойынша Иран көш бастап тұр. Белгілі өлім жазаларының 91 пайыздан астамы Иран, Ирак және Сауд Арабиясына тиесілі екен.