Қонаев қаласындағы бесқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Өрт төртінші қабатта тұтанған. Қою түтін бүкіл кіреберісті басып, тұрғындарға қауіп төндірген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірді,— делінген хабарламада.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.