Павлодарда 2 жастағы сәби бесінші қабаттан құлап кетті. Көптеген жарақат алған баланың жалпы жағдайы ауыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Облыстық бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенева Естай көшесі, 141 мекенжайында 2022 жылы туған 2 жас 11 айлық сәбидің бесінші қабатты үйдің терезесінен құлағанын мәлім етті.
Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Баланың жағдайын кезекші травматолог, реаниматолог қарады. Баланың жағдайы ауыр болғандықтан реанимацияға жатқызылды, – деді ол.
Дәрігерлер балаға катотравма, жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, мидың көгеруі, өкпе контузиясы және іштің көгеруі диагнозын қойған. Қазіргі уақытта ми, мойын, кеуде қуысы КТ-сы жасалды. Бала әлі де тексерістен өтіп жатыр.