Аймақ

Павлодар облысында саяжай үйлері өртеніп жатыр

18:13, 12 сәуір 2025 37

Павлодар облысының өрт сөндірушілері Павлодар қаласы маңындағы құрғақ шөп пен саяжай үйлерінің жануын сөндіріп жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жедел жіберілді. Сондай-ақ өртті жоюға МҰТП күштері мен құралдары, Павлодар-Су Арнасы жұмылдырылды, 102, 103, ТЖМ АМО қызметтері орнында тұр. Өрттің ауданы анықталып жатыр. 

Өртті сөндіру жұмыстарын қатты екпінді жел қиындатып отыр. Жағдайды бағалау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен өрт болған жерді аэровизуалды тексеру жүргізіліп жатыр. Жедел штаб құрылды. Өрт орнында 4 жауынгерлік учаске жұмыс жасап жатыр, – делінген хабарламада.

Оқиға орнында барлығы ТЖД жеке құрамынан 60-ға жуық адам және 10-нан аса техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ оларға мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы, ПД 15 қызметкері мен 5 техникасы, ЖМЖБ 1 көлігі мен ЖАО 8 өкілі мен 8 техникасы көмектесіп жатыр.
 
  

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз