Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 21 121 адам қайтыс болған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Есепке сәйкес, 13 273 адам қалада, ал 7 848 адам ауылдық жерлерде көз жұмған. Яғни, өлім-жітім қалалықтар арасында жоғары болып отыр.
Өлім-жітімнің негізгі себептері:
Қан айналымы жүйесі аурулары – 5 260 адам
Жүйке жүйесі аурулары – 3 563 адам
Тыныс алу мүшелерінің аурулары – 2 263 адам
Жаңа түзілімдер (ісік, қатерлі ісік және т.б.) – 2 237 адам
Жүрек аурулары – 1 838 адам
Ми қан тамырларының зақымдануы – 1 701 адам
Ас қорыту жүйесі аурулары – 1 648 адам
Жазатайым оқиғалар, уланулар мен жарақаттар – 1 335 адам
Қант диабеті – 818 адам
Тұмау және өкпе қабынуы (пневмония) – 665 адам
Инфекциялық және паразиттік аурулар – 160 адам
Гипертония (жоғары қан қысымы)– 118 адам
Ішек инфекцияларынан – 4 адам
Басқа да тіркелген өлім себептері:
Жол апатынан – 224 адам
Суға батып қаза тапқандар – 13 адам
Өз-өзіне қол жұмсағандар – 174 адам
Қасақана кісі өлтіруден қайтыс болғандар – 67 адам
Алкогольден уланғандар – 54 адам
Мамандардың айтуынша, қоғамдық денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алу бойынша шараларды күшейту қажет. Әсіресе, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және жүйке жүйесі аурулары бойынша ерте диагностика маңызды.