Қоғам

Мешіт әдебі қайда? ҚМДБ Сарыағаш медресесіндегі даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

12:47, 13 наурыз 2025 34

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған жағдайға байланысты ҚМДБ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, басқарма мұсылмандарды құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттер жасамауға және ұрыс-керіске жол бермеуге шақырды.
 
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Сарыағаш медресесінің бас ұстазы Әбужаппар Смановтың шәкірттеріне аяғын уқалатып қойғаны бейнеленген видео жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.
 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз