Қоғам

Шәкірттеріне аяғын уқалатқан ұстаздың әрекеті желіні шулатты (ВИДЕО)

18:52, 12 наурыз 2025 30

Әлеуметтік желіде Сарыағаш медресесінің бас ұстазы Әбужаппар Смановтың шәкірттеріне аяғын уқалатып қойғаны бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Жазба авторы аталған жағдайға қатысты өзінің пікірін білдірді.

«Сонда Оқу-ағарту министрлігі медресе шәкірттеріне Смановтың бұтын уқаласын деп бюджеттен жүздеген миллиондап ақша бөле ме?! Егер бұған тоқтау болмаса, ертең табанын жалатып, бас бармағын сордырады ғой, ақыл тоқтатпаған балаларға», – деді Ораз Әлімбеков.

Ол бұл жағдайдың құзырлы органдар тарапынан тергелуі керектігіне назар аударды.

Мен қанша мәрте айттым, мүфтияттың іші де, медреселері де былыққа толы деп. Мұны тергеп-тексеріп, бәрін сотқа тартып, жазасын беру керек. Смановтың бюджет қаржысына бұтын уқалатуы – мәселенің бергі жағы ғана. Бұдан басқа да азғындық көп. Бірақ құзырлы органдар мүфтиятқа келгенде түк көрмегендей айналып өтеді, – деді автор.

Белсенді Түркістан облысының жауапты азаматтарын Әбужаппар Смановқа қатысты заңды шара қолдануға шақырды.

Мынау Сманов деген оңбағанды сотқа беріп, жазалап, патша көңілді пәпігін басатын азамат Түркістан облысынан табылмай ма? Зайырлы қазақ мұндай қорлыққа қашанға дейін шыдайды, – деп жазды Ораз Әлімбеков.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз