$ 465.74
 537.23
 5.62

Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айтты

Редактор
11.08.2026, 16:36
Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
Колумбия жұрты қара жамылды

Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.