Дариға Бадықова Instagram-дағы жаңа жарияланымымен желі қолданушыларының назарын аударды. Актриса актер Олжас Абаймен бірге түскен суретін бөлісіп, оқырмандар арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Өнер иесі өрт сөндірушілердің арнайы киімін киіп түскен фотосымен бөлісіп, жазбаға «Өмірдің өзі романтика ғой» деген жазу қалдырған.
Желі қолданушылары жарияланымға жылы лебіздерін білдіріп, екеуінің жарасымды жұп екенін жарыса жазған.
«Сіздерге қарап, махаббатқа қайтадан сенгің келеді. Бір-біріңізге деген сезімдеріңіз көздеріңізден-ақ көрініп тұр. Неткен жарасымды жұп!», «Махаббат экранның ар жағынан-ақ сезіледі», «Керемет жарасасыздар», — деп пікір қалдырған оқырмандар.