Атырауда 42 жастағы төрт баланың анасы өз үйінде қаза тапты. Қайғылы оқиға кезінде әйелдің үш жасар қызы болған. Бүлдіршін анасының денесінің жанында бір тәулікке жуық жалғыз қалған, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Бұл туралы ktk.kz сайты ақпарат таратқан.
Полиция мәліметінше, күдікті — марқұмның азаматтық некедегі 38 жастағы жұбайы. Оқиға кезінде ер адам баланың көзінше әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ізін суытқан. Марқұмның денесінен 28 пышақ жарақаты анықталған. Күдікті бірнеше күннен кейін ұсталып, қамауға алынды.
Марқұмның 16 жастағы қызы үйге келген кезде анасының денесін және жанында ұйықтап жатқан кішкентай сіңлісін тапқан. Бүлдіршін болған жағдайды, әкесінің анасын жаралағанын айтып жеткізген.
Туыстарының айтуынша, ер адам бұған дейін де отбасында жанжал шығарып, полиция шақырылған жағдайлар болған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Марқұмның балалары психологтардың көмегіне мұқтаж. Туыстары күдіктіге қатаң жаза тағайындалуын талап етуде.