$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

«Көршісі шыдай алмады»: Жетісуда өртенген үйдің үш баласы жерленді

Редактор
29.09.2026, 10:54
Видеодар алынған скрин
Видеодар алынған скрин
Ескелдіде үйі өртеніп бір отбасының үш баласы көз жұмған 

Жетісу облысында үйдегі өртте бір отбасының тірідей жанып кеткен балалары Талдықорған қаласы маңына жерленді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

КТК телеарнасы балалар 8, 6 және 1 жаста болғанын жазды.

Рәсімді өткеруге қайғылы жағдай болған Ескелді ауданы әкімшілігі қол ұшын созған. Сондай-ақ қаралы отбасы сол ауылда уақытша баспанамен қамтамасыз етілетін болды.

Қара жамылған отбасы бір жылдан бері үй жалдап тұрып келген. Төрт балалы ерлі-зайыптылардың отағасы ғана жұмыс істеген. Жергілікті әкімдіктің айтуынша, олар Талдықорған қаласында үй кезегінде тұр. Ал Ескелдіде уақытша тұрақтаған. Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Оқиғаға қатысты Полиция қылмыстық іс қозғаған. Қайғылы оқиға болған күні таңертең осы үйдің 38 жастағы отағасы Талдықорғандағы жұмысына кеткен. Өрт таңғы сағат 7-ден өте тұтанған. Қара түтін басқан үйден жанұшыра 34 жастағы келіншек пен 14 жастағы баласы қашып шығыпты. Көршілерін оятып көмек сұраған. Бір көршісі түтіннен 6 жастағы баланы алып шыққанымен, ол тұншығып жан тапсырған. 

«Көрші жігіт шыдай алмай есіктен кіреді, ол кезде үйдің қабырғалары жанып жатқан. Кіре сала, бес-алты жастағы баланы терезеден сыртқа лақтырып жібереді. Үйдің төбесі жанғанда ана жігіт қорыққан, терезеден секіріп түскен. Үйдің іші, бәрі жанып жатты. Екі бала іште қалып қойды, – деді куәгер Салтанат Мухиева.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау