$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Қамаудағы Данияр Хайрушевтің ата-анасы Тоқаевтан істі әділ қарауды сұрады

Редактор
28.09.2026, 16:53
Видеодан скрин
Видеодан скрин
Олар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл білдірді

Каспийдегі қайғылы оқиғадан соң қамауға алынған Әскери-теңіз күштері қолбасшысының орынбасары Данияр Хайрушевтің ата-анасы Тоқаевқа үндеу жасады, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Олар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, өздерінің де ауыр қазаға ұшырағанын жеткізді.

«Біз Хайрушев Даниярдың ата-анасы боламыз. Қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Біз сіздерді жақсы түсінеміз. Себебі өзіміз де екі ұлынан айырылып отырған адамдармыз. Ұлымыз Данияр жауапкершілігі мол, кішкентайынан ісіне адал қараған азамат. Ешкімнің дүниесіне қол сұққан адам емес. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізден тек істің объективті әрі әділ қаралуын сұраймыз. Оқиғаның мән-жайы анықталады деп сенеміз», – деді Хайрушевтің ата-анасы.

Айта кетейік, Данияр Хайрушев Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты күдікті деп танылып, қамауға алынған әскери қызметшілердің қатарында.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау