$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Белгілі продюсер шоу-бизнестегі есірткіге тәуелді әншілер жайлы ашық айтты

Редактор
28.09.2026, 15:25
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Жан Мұқанов әлеуметтік желідегі парақшасында есірткіге тәуелділікті эстрададағы ең қауіпті мәселелердің бірі деп атады

Продюсер Жан Мұқанов отандық эстрададағы өзекті мәселелердің біріне назар аударып, есірткіге тәуелділіктің салдары туралы пікір білдірді. Ол бұл тақырыпты қоғамнан жасырып қалмай, ашық талқылау қажет екенін айтты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Жан Мұқанов әлеуметтік желідегі парақшасында есірткіге тәуелділікті эстрададағы ең қауіпті мәселелердің бірі деп атады. Оның сөзінше, мұндай жағдайдың зардабы тек тәуелділікке тап болған адамның өзіне ғана емес, оның айналасындағы адамдарға да тиеді.

«Эстрададағы ең қауіпті мәселелердің бірі — есірткіге тәуелділік. Бұл тек бір адамның жеке мәселесі емес. Оның зардабын отбасы, команда, серіктестер, ұйымдастырушылар — айналасындағы адамдардың бәрі тартады», — деп жазды Жан Мұқанов.

Продюсер есірткіні өнердегі жетістікпен немесе шығармашылық өмір салтымен байланыстыруға болмайтынын атап өтті.

«Есірткі — таланттың да, табыстың да бір бөлігі емес. Бұл туралы үндемей қалмай, ашық айтуымыз керек. Өйткені бүгін елемеген мәселе ертең үлкен трагедияға айналуы мүмкін», — деді ол.

Жан Мұқанов жазбасында нақты бір өнер иесінің атын атамаған. Ол мәселені жалпы эстрада саласындағы қауіпті құбылыс ретінде көтерген.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау