$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Бір жылда қазақстандықтардың табысы 14%-ға артты

Редактор
28.09.2026, 18:35
Фото:ЖИ
Фото:ЖИ
Халықтың табыстары мен шығыстары

2026 жылғы II тоқсанда халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Халықтың ақшалай табыстары жан басына шаққанда орта есеппен 410 088 теңгені құрады. Бұл 2025 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда 14,0%-ға жоғары.

Халықтың ақшалай шығыстары жан басына шаққанда орта есеппен 358 584 теңгені құрады. Осылайша, ақшалай табыстар шығыстардан 51 504 теңгеге артық болды.

Тұтынуға пайдаланылған табыстар 2026 жылғы II тоқсанда жан басына шаққанда орта есеппен 362 900 теңгені құрады.

Түйінді тұстар

  • 410 088 теңге — жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыс;

  • +14,0% — өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғандағы ақшалай табыстың өсімі;

  • 358 584 теңге — жан басына шаққандағы орташа ақшалай шығыс;

  • 362 900 теңге — жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланылған орташа табыс;

  • 51 504 теңге — ақшалай табыстар мен шығыстар арасындағы айырма.

Жалпы алғанда, 2026 жылғы II тоқсанда халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстары шығыстар көлемінен жоғары қалыптасты. Сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай табыстардың 14,0%-ға өсуі тіркелді.

* 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық статистика бюросы үй шаруашылықтарының бюджеттерін іріктемелі зерттеу шеңберінде бес таңбалы деңгейге дейін нақтылай отырып, 2018 жылғы нұсқаның мақсаттары (МЖТЖ) бойынша жеке тұтынудың жаңартылған халықаралық жіктеліміне көшуді жүзеге асырды.

Жаңартылған жіктелімнің енгізілуіне байланысты халық шығыстарын біріктіру құрылымында өзгерістер болды. Сонымен, жаңартылған МЖТЖ-ға сәйкес үйден тыс тамақтану шығыстары ақылы қызметтер санатына жатқызылған, бұдан бұрын олар азық-түлік тауарларына арналған шығыстар құрамында есепке алынған.

Глоссарий

Ақшалай шығыстарға тұтыну шығыстары, туыстар мен таныстарға материалдық көмек, алименттер, салықтар, төлемдер және басқа да төлемақылар, кредит пен қарызды өтеу кіреді.

Тұтыну шығыстары – тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған үй шаруашылықтарының халықтың ақшалай шығыстарының бөлігі. Тұтыну шығыстарына азық-түлік тауарлары, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерді сатып алуға кеткен шығыстар кіреді.

Ақшалай табыстарға еңбек қызметінен түскен табыс, әлеуметтік трансферттер және өзге де ақшалай түсімдерден түскен табыстар кіреді.

Халықтың тұтынуға жұмсаған табыстарына тұтыну шығыстары (өндірістік қызметке және қорланымға капитал салусыз) және өзі өндірген өнімдердің заттай түрдегі құны (ақшалай мәндегі) мен трансферттер кіреді.

Әдіснамалық түсініктемелер

Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2023 жылғы «20» желтоқсанда № 237 бұйрығымен бекітілгенге әдістемесіне сәйкес тоқсан және жылдық негізінде 12 000 үй шаруашылығын зерттеу базасында қалыптастырылады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау