$ 473.59
 544.68
 5.94

«Қылмыстық топ ағамның түбіне жетті»: Жамбылдағы қанды оқиға бойынша марқұмның туыстары әділ тергеу талап етті

Редактор
03.08.2026, 11:38
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған

Жамбыл облысында ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Марқұмның туысы әлеуметтік желіде ағасын қылмыстық топ мүшелері өлтіргенін айтып, әділ тергеу жүргізуді сұраған.

Оның айтуынша, Дүкенбай Ахметті түнгі сағат 3 шамасында Тұрар Рысқұлов ауданы Луговое ауылындағы Пушкин көшесінде белгісіз адамдар атып кеткен. Туысы қаза болған азаматтың артында әйелі мен балалары қалғанын айтып, кінәлілердің жауапкершіліктен құтылып кетпеуін талап етті.

Аталған жағдайға байланысты Жамбыл облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген полицияның жауабында.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау