$ 475.38
 547.73
 5.93

Кәсіпкер 30 жыл малшы болған азаматқа пәтер сыйлады

Редактор
04.08.2026, 16:14
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Руслан Өтепбай қазіргі таңда іске қатысты заңгерлік жұмыстардың басталғанын айтты

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында Рахат Сәрсеновтің отбасына Ақтөбе қаласынан жергілікті кәсіпкердің баспана сыйлағанын айтты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, қиын жағдайға тап болған отбасы халықтың қолдауын сезініп, қазір құқықтық жұмыстар да басталған.

Руслан Өтепбайдың сөзінше, Рахат Сәрсенов бұл жаңалықты ерекше толқумен қабылдаған.

«Сүйінші, ағайын! Рахат Сәрсеновтің отбасына жергілікті кәсіпкер Ақтөбе қаласынан баспана сыйлады. "Жұмысымнан көрмеген жақсылықты халықтан көрдім", – деп, Рахат ата көз жасына ерік берді. Қиын сәтте қолдау көрсеткен кәсіпкерге және барша қазақ еліне Алла разы болсын!» – деп жазды журналист.

Сондай-ақ Руслан Өтепбай қазіргі таңда іске қатысты заңгерлік жұмыстардың басталғанын айтты.

«Ал іске келер болсақ, заңгерлік жұмыстар басталып кетті. Қажетті арыздар дайындалып, құқықтық тұрғыда күрес жалғасуда. Біз бұл істі соңына дейін бақылап, барлық тараптың пікірін YouTube арнама жариялаймын», – деді журналист.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау