Продюсер Баян Мақсатқызы өзіне қатысты айтылған сынға жауап берді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде жазушы Серік Сыбанбайтың продюсер туралы пікірі кеңінен тараған еді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Автор өз жазбасында Баян Мақсатқызын қазақ тілді қауымды жек көреді деп айыптаған.
Осы жағдайдан кейін продюсер Instagram парақшасында мәлімдеме жасап, өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, мұндай пікірлер шындыққа жанаспайды және бұл мәселені енді сот алдында дәлелдеуге тура келеді.
Сондай-ақ ол кейінгі уақытта өзін негізсіз сынап, атын қаралауға тырысатын адамдардың көбейгенін жеткізді. Продюсер мұндай әрекеттерге ренішін білдіріп, қоғамда өзі туралы жалған пікір қалыптастыруға қарсы екенін атап өтті.