Қазақстанда протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж балаларға медициналық көрсетілімдеріне сәйкес жеке өлшеммен дайындалған бұйымдар тегін беріледі, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды.
Көмек тірек-қимыл жүйесінде бұзылыстары бар балаларға көрсетіледі. Мамандар алдымен баланың жағдайын бағалап, қажетті ортез немесе басқа да протездік-ортопедиялық бұйым түрін анықтайды. Бұйым баланың дене ерекшеліктері мен қажеттілігіне қарай жеке өлшеммен жасалады.
Сонымен қатар протездік-ортопедиялық көмек алу үшін басқа елді мекенге бару қажет болған жағдайда жол шығындарын өтеу қарастырылған. Белгілі бір жағдайларда баланы алып барған адамның да жол шығыны өтеледі.
Министрлік ата-аналарға балаға ортез немесе басқа арнайы бұйымды өз бетінше таңдамауға, алдымен маманға жүгінуге кеңес берді.