$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.4

«Қазақстан футболы қара жамылды»: белгілі бапкер 81 жасында өмірден өтті

Редактор
19.11.2026, 12:35
ҚФФ
ҚФФ
Николай Дрютов 2026 жылғы 17 қарашада қайтыс болды

Қазақстан футболының ардагері, бұрынғы футболшы, төреші әрі жаттықтырушы Николай Дрютов 81 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясы жариялады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Николай Дрютов 2026 жылғы 17 қарашада қайтыс болды. Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның отандық спорттың дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Николай Дрютов Ресейдің Воронеж облысында дүниеге келген. Алайда оның өмірі мен кәсіби қызметінің басым бөлігі Астана қаласымен тығыз байланысты болды.

Ол Целиноградтағы «Локомотив» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәрбиеленіп, кейін жергілікті «Динамо» командасында шабуылшы ретінде өнер көрсетті. Футболшылық мансабынан кейін спорт саласында басшылық қызметтер атқарды. Елордадағы спорт және дене шынықтыру комитетін басқарып, қалалық спорт департаментінде еңбек етті. Сондай-ақ астаналық «Жеңіс» футбол клубының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Қазақстан футбол федерациясы Николай Дрютовтың өмір жолын спортқа адалдықтың және жас ұрпаққа қамқорлық көрсетудің үлгісі деп бағалады.