$ 465.74
 537.23
 5.62

«Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Редактор
12.08.2026, 12:29
ФОТО: gong.bg
ФОТО: gong.bg
Бұған дейінгі кездесуде де қазақстандық клуб «Левскиден» жеңіліп қалған

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуін өткізді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Болгариялық «Левскимен» кездесу «Түркістан Арена» стадионында өтті. Ойында Германиядан келген Даниэль Зиберт бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті.

Ойын тізгінін алаң иелері ұстады. Олар допты ұзақ уақыт өз иеліктерінде қалдырғанымен қауіпті сәттерді көп жасай алмады. Ал қонақтар қарсы шабуылдарға иек артты. Нәтижесінде 13-минутта Рейналдо алыстан соққы жасап, есеп ашты.

Екінші таймда алматылықтар қысымды күшейтті. Дегенмен Рейналдоның допты маңдайшаға, ал Сержиньоның бағанаға тигізген соққыларынан кейін «Қайрат» екінші голды жіберіп ала жаздады. Есеп — 0:1.