Қоғам

Жақып Асановтың бұрынғы көмекшісіне іздеу жарияланды

12:00, 23 маусым 2025 258

Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткеева іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланды.

«Тәткеева Қарлығаш Құрмашқызы. Үш күннен бері іздеуде. (…) Іздеу ісі 2025 жылғы 20 маусымда тіркелген. Өңір: Қарағанды облысы. Іздеуді бастаған орган – Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті», – делінген іздеу карточкасында.

Айта кетсек, Қарлығаш Тәткеева еліміздің жоғарғы сот органын Жақып Асанов басқарған кезде Жоғарғы Сот Төрағасының азаматтық істер жөніндегі кеңесшісі болған. Әр жылдары ол Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында және Астана қаласының сотында судья қызметін атқарған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз