Жамбыл облысында 10 жасар баланың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Қайғылы оқиға бала асырап алған отбасылардың бірінде болған. Баланың өліміне дейін оған қатыгездік көрсетілген болуы мүмкін деген күдік бар. Бұл отбасында тағы төрт асыранды бала тәрбиеленіп жатыр екен.
Жамбыл облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу жан-жақты, объективті және толық көлемде өтеді, — деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.