Қоғам

Тараз-Шымкент жолындағы апат: Қозғалыс 4 күннен кейін ғана қалыпқа келтірілді

18:22, 07 маусым 2025 13

Түркістан облысында «Тараз-Шымкент» автожолының 653-шақырымында рұқсатсыз қозғалған ірігабаритті жүк көлігінің салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 5-6 маусымда көлік қозғалысына шектеу қойылып, 6 маусымда сағат 21:30-да көлік қозғалысы бір жолақпен кезектесіп жүзеге асырылды.

Бірнеше күн бойы үлкен жұмыс атқарылды: ауыр жүкті шығару, тралды көтеру және жолды қалпына келтіру. Мамандар тәулік бойы еңбек етіп, жағдайды тез арада ретке келтіру үшін бар күшін салды.

Қазіргі таңда жол толық ашық. Барлық көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат берілді, – делінген ҚазАвтожол хабарламасында. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз