Мәдениет

Баян Мақсатқызының күйеуі модель болып подуимда жүрді

00:03, 08 маусым 2025 7

Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсын Алагөзов сән көрсетілімінде модель болып шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алматыда өткен Arunaz fashion show сән көрсетілімінде көрермендер күтпеген жағдайға куә болды. Подуимға шығып, сән үлгісін көрсеткендер қатарында жуырда ғана 100 қызметкеріне пәтер сыйлаған кәсіпкер Тұрсын Алагөзов те болды.

Алагөзов отандық дизайнердің ақ түсті киімін киіп шықты. Ол подуимнан сенімді түрде жүріп өтті.

Қызығы сол, Баян Мақсатқызының өзі сән көрсетілімін көрермен ретінде тамашалап отырды.

Кәсіпкердің дефилеге шығуы желіде қызу талқыға түсті. Бірі оны қолдап жатса, енді бірі ақшасы бар әрі танымал адамдардың бәрі модельге айналып жатқанын жарыса жазуда.

Сән көрсетіліміне қатысқандар қатарында әншілер, актерлер мен блогерлер де болды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз