$ 482.49
 556.75
 5.79

Қырғызстандағы жер сілкінісі дүмпулері Алматыда сезілді

Редактор
07.06.2025, 19:51
Қырғызстандағы жер сілкінісі дүмпулері Алматыда сезілді
Жер сілкінісі Алматыда 2 балл шамасында болды

Қырғызстанда болған жер сілкінісінің дүмпулері Алматыда сезілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ТЖМ мәліметінше, жерасты дүмпуінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан 279 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан.

«2025 жылғы 7 маусымда Астана уақытымен 8:33-те жер сілкінісі тіркелді», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісі Алматыда 2 балл шамасында болды.