Израиль елден кеткісі келетіндер үшін рейстерді іске қосты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Израильдің Көлік министрі Мири Регев бүгіннен бастап елден кеткісі келетін азаматтар үшін арнайы «эвакуациялық рейстер» ұйымдастырылатынын мәлімдеді.
Жоспарға сәйкес, барлығы 24 рейс орындалады. Әрбір ұшақпен 50 адамға дейін елден шығуға рұқсат етілген. Алайда қауіпсіздік талаптарына байланысты күніне 1200 адамнан артық шекарадан өткізуге болмайды.
Министр рейстер санын арттыру үшін бар күшін салатынын мәлімдеді.
Тағы оқи отырыңыз: Иран АҚШ-тың шабуылынан кейін Ормуз бұғазын жабуы мүмкін.