Erbol Seilkhan YouTube арнасында халықаралық сарапшы Жанат Момынқұлов. Негізгі тақырып – Иран–Израиль соғысы.
ИРАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ӘЛЕМДІК МАҢЫЗЫ БАР ШЕШІМІ
Иран Парламенті стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазын жабу туралы шешімді мақұлдады. Бұл өткел арқылы әлемдік мұнай мен газдың 25–30%-ы тасымалданады. Енді құжатты Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесі бекітсе, бұғаз түбегейлі жабылады.
ОРМУЗ БҰҒАЗЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ ҚАНДАЙ ҚАУІП-ҚАТЕРГЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН?
– Мұнай мен газ бағасы күрт өсуі мүмкін;
– Әлемдік энергетикалық дағдарыс қаупі артады;
– Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал шиеленісуі ықтимал.
Сонымен, екі мемлекеттің текетіресіне АҚШ неге араласты? Бұл Ақ үйдің Қытай мен Ресейге қыр көрсетуі ме? Ресми Теһран Ормуз бұғазын жапса, соғыс өрті одан әрі өршіп кетпей ме? Иран мен Израильдің саяси жүйесінің айырмашылығы қандай? Иранмен Каспий теңізі арқылы шектесетін Қазақстанның ұстанымы қандай? Бұл қақтығыстың Орталық Азияға әсері қандай болмақ? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын білу үшін сұхбатты көріңіз!