Аймақ

Абай облысында жер сілкінді

13:36, 23 маусым 2025 18

Абай облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 23 маусымға қараған түні Астана уақытымен 01:23-те Абай облысында жер асты дүмпулері тіркелген.

Жерасты сілкінісінің эпицентрі Үржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы — Рихтер шкаласы бойынша - 4.0. Бұл шамамен MSK-64 шкаласы бойынша 3–4 баллға сәйкес келеді, - делінген хабарламада.

Қазір адам шығыны немесе қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз