Аймақ

Түркістандағы ойын-сауық орталықтарында діни тұрақтылық дәріптелді

17:25, 23 маусым 2025 13

Түркістандағы ойын-сауық орталықтарында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында маңызды кездесулер өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алдымен мамандар «Тұран Молл» ойын-сауық орталығына барды. Кездесуге Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айдос Әуезханов пен теолог маман Баховадин Нуритдинов қатысты.

Қызметкерлер мен келушілерге қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, жат ағымдардың алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ашық пікір алмасу форматында өткен жиын қатысушылардың қызығушылығын оятып, көкейдегі көптеген сұрақтарға нақты жауап берілді.

Тұран Моллда» бастау алған діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ашық кездесу «Түркістан Plaza» ойын-сауық орталығында  жалғасын тапты.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз