«Ninety оne» тобының мүшесі Alem топты кейбір қалаларға концертпен кіргізбей қойғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы «Айқап» подкастында айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Оның айтуынша, екі-үш жыл бұрын Түркістан қаласында жоспарлы іс-шаралар өтпей қалған.
Сәтпаев қаласына кіре алмадық. Бір рет кіріп, сол кезде артымыздан машина қуып, ал форма киген ағалар бізді қонақүйге кіргізіп, содан шығармады. Келесі күні ұшаққа отырғызып, кері қайтарды, — дейді Alem.
Ол сондай-ақ жағдайдың ушығуына әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ақпарат себеп болғанын айтты.Себебі, сол уақытта WhatsApp мессенджерінде "91" тобын ұстап, ұрып-соғып, видеоға түсіргендерге ақша берілетіні туралы хабарламалар тараған екен.
Айта кетейік, қазір «Ninety оne» тобы шығармашылық үзілісте. Оның мүшелері жеке әнші ретінде сахналарда бой көрсетіп жүр.