Шоу-бизнес жаңалықтары

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей қалды

15:08, 23 маусым 2025 23

Атырауда жоспарланған Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті күтпеген жерден тоқтатылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Кешке ерте жиналған көрермендер концерттің басталуын ұзақ күткенімен, ақыры тарауға мәжбүр болған. Желді тараған видеоға қарағанда, оларға мән-жайды әншілердің өздері шығып түсіндірген. 

Сөйтсе, концерт ұйымдастырушылары концерт өтетін зал мен техникалық жабдықтар үшін жалға алу ақысын төлемеген екен. 

Ерте келдік, бірақ ішке кіргізбеді. Біраз күттік. Кейін концерт болмайтынын, себебі ұйымдастырушылар жалдау ақысын төлемегенін айтты, — деді концертке келгендердің бірі.

Жағдайды түсіндіру үшін далаға шыққан әншілер жиналған халықтан кешірім сұрады. Ол бұл жағдай туралы алдын-ала білмегенін айтты.

Біз де сахнаға шығамыз деп ұзақ күттік. Бәрі шешіледі деп сендік. Алайда, зал мен жабдыққа ақы төленбегені анықталды. Кешірім сұраймыз, — деді Жүгінісов.

Ұйымдастырушылар көрермендерге билет құнын қайтаруға уәде берді. Айта кетейік, кешті көру үшін Атырауға Кұлсары мен Оралдан арнайы келген тыңдармандар да болған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз