$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

«Ішімде қуаныш та, қобалжу да бар»: Мөлдір Мұқан көпшілікке сүйінші хабарын айтты

Редактор
29.10.2026, 15:16
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі күтпеген жаңалығын айтты

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқан шығармашылығындағы жаңалығымен бөлісті. Ол белгілі ақын Мұхтар Шахановтың өлеңіне ән жазғанын айтып, ерекше толқып тұрғанын жеткізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Өнер иесінің айтуынша, жаңа туынды бұрынғы әндеріне ұқсамайды және өзі үшін ерекше мәнге ие. Әнге Мұхтар Шахановтың адамды қиындыққа мойымауға, жігерленіп, алға ұмтылуға шақыратын өлең жолдары арқау болған. Мөлдір Мұқан туындыны жазбас бұрын ақынның жұбайымен және отбасымен байланысып, ресми рұқсат алғанын да мәлімдеді.

«Мен қазір толқып тұрмын. Ішімде қобалжу да бар, қуану да бар. Жаңа ғана ән жазып келдім. Бұрынғы әндерге ұқсамайтын, өте бір салмағы бар ән. Адам болып өмірге келгеннен кейін мұңаю да болады, қуану да болады, сынақ та болады, сәтсіздік те болады. Сол сәтте өмір тоқтап қалды деп қабылдамай, жігерленіп, қанаттанып, алға қарай баса беру керек. Мен үшін де, өзімнің шығармашылығым үшін де бір жаңалық болғалы тұр. Күтіңіздер, достар!» – деді өнер иесі.

Мөлдір Мұқан жаңа әннің шығармашылық жолындағы ерекше туынды болатынына сенім білдірді. Әзірге әннің қашан жарық көретіні белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау