$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

«Қазақстандықтар, маған ренжімеңіздер»: «Борат» фильмінің авторы күтпеген мәлімдеме жасады

Редактор
29.10.2026, 14:36
forbes.kz
forbes.kz
Ол экрандағы образды шынайы өмірмен байланыстырмауға шақырған

Қазақстанды әлемге жағымсыз қырынан көрсеткен «Борат» фильмі арқылы танылған британдық комик Саша Барон Коэн қазақстандықтарға үндеу жасап, елге және оның халқына құрметпен қарайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Әлемге әйгілі актер өз сөзінде Қазақстан халқының фильмдегі Борат кейіпкеріне мүлде ұқсамайтынын айтып, экрандағы образды шынайы өмірмен байланыстырмауға шақырған.

«Мен бұл елдің халқы сөйлейтін тілді келтіре алмайды екенмін. Сіздер Боратқа мүлде ұқсамайсыздар. Өтінемін, қазақстандықтар, маған ренжімеңіздер. Мен сіздерді құрметтеймін. Шын мәнінде, Бораттың образы Қазақстанға түк қатысы жоқ кейіпкер», – деген актер.

Айта кетейік, Саша Барон Коэн басты рөлді сомдаған «Борат» фильмі 2006 жылы жарыққа шығып, әлемде үлкен дау туғызған еді. Туындыда Қазақстан мен оның тұрғындары туралы шындыққа жанаспайтын, келемежге құрылған көріністер көрсетілгені үшін фильм қазақстандықтардың наразылығына ұшырады. Соған қарамастан, Борат бейнесі әлемдік поп-мәдениеттегі ең танымал сатиралық кейіпкерлердің біріне айналды. Ал 2020 жылы фильмнің жалғасы жарық көрді.

Енді актерге телінген бұл мәлімдеме көпшілік үшін ерекше назар аударарлық. Өйткені ол Бораттың Қазақстан халқына еш қатысы жоқ ойдан шығарылған кейіпкер екенін атап көрсеткен.

Смотреть в Threads

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау