$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Мексикада Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетілді

Редактор
29.10.2026, 10:58
dimashnews.com
dimashnews.com
Димаш Құдайбергеннің құрметіне Мексика көшелерінде арнайы автобус жүре бастады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында жанкүйерлері ерекше бастама көтерді. Мехико көшелерінде өнерпазға арналған арнайы безендірілген автобус қатынай бастады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

23 қазаннан бастап Мексика астанасының көшелерінде Димаш Құдайбергеннің алдағы концерттерін насихаттайтын тақырыптық автобус жүре бастады. Бұл жобаны әншінің мексикалық жанкүйерлері ұйымдастырған. Арнайы автобус 2026 жылғы 21 қарашаға дейін қатынайды. Оның бағыты Мехиконың ең танымал әрі көлік қозғалысы қарқынды көшелерін қамтиды.

Атап айтқанда, автобус әйгілі Пасео-де-ла-Реформа даңғылы, Периферико айналма жолы, Ұлттық аудиториум маңы, Глориета-де-Петролеос және Чапультепек аудандары арқылы өтеді. Осылайша, Мексика тұрғындары мен қала қонақтары қазақстандық әншінің алдағы концерттері туралы көшелерде жүріп-ақ біле алады.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің Мексикада жанкүйерлері көп. Әншінің халықаралық аудиториясы оның шығармашылығына арналған түрлі жобалар мен қолдау акцияларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.