$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65

Дархан Қыдырәлі Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді

Редактор
28.10.2026, 17:09
Ашық дерек
Ашық дерек
Бүгін Президент халыққа Жолдауын жариялады 

Академик Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауына қатысты өз пікірін Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Ол өз жазбасында Президент ұсынған келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау бастамасына, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, цифрландыру мен жасанды интеллектіні экономиканың нақты салаларына енгізуге қатысты мәселелерге тоқталған.

Академик технологиялық дамудың маңызын айта келе, болашақта технологияны тұтынумен шектелмей, оны әзірлеп, экономикаға тиімді енгізетін елдер жаһандық бәсекеде артықшылыққа ие болатынын жазды.

Сондай-ақ ол Қазақстанның стратегиялық даму бағыттарын өзара сабақтас тұтас жүйе ретінде қарастыру қажеттігін атап өтті. Оның ішінде елдің ішкі бірлігі, транзиттік және логистикалық жобалар, энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру мен жасанды интеллект мәселелері өзара байланысты.

«Сондықтан бүгінгі Жолдаудың бір мақсаты – қазіргідей құбылмалы заманда Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылықтың, экономикалық ықпалдастықтың және технологиялық жаңғырудың маңызды тірегіне айналдыру болса керек», – деп түйіндеді Дархан Қыдырәлі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау