Шоу-бизнес әлемі

«Ішімдегі жазылмайтын жара» - Роза Рымбаева сұхбат кезінде неге жылап қалды? (ВИДЕО)

23:27, 21 тамыз 2025 29

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева марқұм жұбайы, белгілі күйші әрі композитор Тасқын Оқаповты еске алып, жүрегіндегі ауыр қасіретімен бөлісті, деп жазады Alash.KZ.

Әншінің айтуынша, ол бұл қазаны «ішімдегі жазылмайтын жара» деп сипаттайды.

Рымбаева қайғыны жүрегінде сақтап жүргенін, алайда балаларының көзінше әлсіздігін білдірмеуге тырысатынын айтты. Ол аналық міндетін жоғары қойып, перзенттеріне қайсарлық пен сабыр көрсетуді мақсат тұтатынын жеткізді.

Роза Рымбаеваның бұл сөздері көпшіліктің жүрегіне жетіп, өнер иесінің өмірлік ұстанымына тағы бір қырынан көз жеткізді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз