Қоғам

«Ішің күйсе, көлік тұрмақ, ұшақ мінемін»: Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға жауап берді

23:39, 21 тамыз 2025 34

ЭМұқтаж адамдарға баспана алып беремін деп басы дауға қалған блогер Ырысбала Икрамбай тағы да әлеуметтік желіні шулатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жуырда ғана желіде Перизат Қайрат ұсталғаннан кейін желі қолданушылары халықтан ақша жинап, мұқтаждарға үй алып берумен айналысқан Ырысбала Икрамбайды тексеру керегін жазған еді. Көпшілік блогерді елден жиналған ақшаға шалқып өмір сүріп жүр деп топшылаған. 

«Мына қаралым санын қараңыздар. Kaspi дүкенінде тауар сатқаныма 4 күн ғана болды. «Үздік сатушы» статусын алып беріп отырсыздар», – деді ол инстаграмдағы статистикасын көрсетіп. 

Осыдан кейін халықтың арқасында ұшақ міну жоспарында барын айта кетті.

«Ырысбала халықтың арқасында байып, семіріп алды дейтіндер, іштерің күйсе тұз жалаңдар. Машина мінген былай тұрсын, халықтың арқасында ұшақ мінемін», – деп әзілдеді блогер. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз