Спорт

Айсара Керімбекова Самбо федерациясының құрметті ардагері атанды

19:38, 21 тамыз 2025 21

Самбо федерациясының президенті Жақсылықов Руслан Фатихұлы Айсара Каримбекованы Спорт күнімен құттықтап, Қазақстандағы самбоны дамытуға және оның тарихына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Құрмет белгісі ретінде Федерация Айсара Каримбековаға «Федерацияның құрметті ардагері» куәлігін табыстады.

Оның еңбегі мен адалдығы отандық самбоны қалыптастырудың маңызды бөлігі болып, жас ұрпаққа шабыт береді.

Айта кетейік, журналист Нұрсейіт Жылқышыбай самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айсара Керімбекованың 20 жылдан бері аула сыпырып жүргенін жария еткен болатын.

Айсара Керімбекова самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1992), дзюдодан спорт шебері (1990), самбодан дүние жүзі чемпионатының күміс жүлдегері (Калининград, 1988), А.Харлампиев атындағы халықаралық турнирдің екі мәрте жеңімпазы (Мәскеу, 1988, 1989), КСРО Кубогінің күміс жүлдегері (Александровск, 1989), КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (Минск, 1991), Азия чемпионы (Владивосток, 1992), дүние жүзі чемпионатының күміс жүлдегері (Минск, 1992), Азия чемпионатының қола жүлдегері (Алматы, 1994, Бішкек, 1995), дзюдодан ТМД елдері чемпионатының күміс жүлдегері (Брянск, 1995). 1992 жылы еліміздің таңдаулы он спортшысы қатарына енді. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз