Шоу-бизнес әлемі

«Осы жолы бәрі басқаша»: Қайрат Нұртастың жары жазбасымен жұртты ойландырып қойды

16:34, 21 тамыз 2025 85

Жақында ғана бесінші сәбиін дүниеге әкелген актриса әрі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Қайырлы күн, жақсыларым! Жаным аман қалып, жарық дүниеге бөпемді дін аман-сау әкелгеніме шүкіршілік айтып жатырмын. Қалжаланып шілде терім де шығарып, қалпыма келіп, барлық у-шуға тосқауыл қойдым. Әр сәтімнен ләззат алып, үйде жұмақ иісін иіскеп жатырмын», – деді актриса.

Сондай-ақ, ол босану процесі қалай өткенін айтты.

"Аллаға сансыз Шүкір, бәрі өз уақытымен өтті. Сондықтан да мен отадан қаштым. Осы жолы бәрі басқаша өтті, себебі қауіп-қатер болды", деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз