Продюсер Баян Алагөзова «әйелді қамшымен ұрыңдар» деп жамағатқа уағыз айтқан ҚМДБ ұстазы Ризабек Батталұлының насихатына пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
«Қазіргі заманның батыры» әйелді қалай және немен ұру керек екенін үйретуде. Мен әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын тікелей бұзғаны үшін тиісті органдардан бұл адамды жауапқа тартуды талап етемін», - деп жазды продюсер.
Айта кетейік, Дінтанушы Ризабек Батталұлы әйелді ұруға дін рұқсат береді деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, бастысы — ауыр жарақат салмау қажет. Сондай-ақ ол қазіргі ер азаматтарды «әлсіз» деп сынап, қазақ үйінде қамшының осы мақсатта тұрғанын алға тартты.