Интернет дамыған заманда баланы жат ағымдардың жетегінде қорғау жолдарын Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы Әлім Шауметов жіпке тізді, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Оның айтуынша, көбінде ата-аналар жұмыстасты болғандықтан, баланың телефон арқылы не көріп жатқаны бақылаусыз қалады. Сондықтан, ата-аналар күнделікті ұл-қыздарының ақпараттық кеңстігін қадағалуы тиіс.
Бүгінгі күні интернет әрбір үйде бар. Күні бойы біз жұмыстасыз. Мына балаларымыз емін-еркін. Интернетке кіре ме, телефонға кіре ме, өз еріктері. Сондықтан, біз кешке жұмыстан шыққаннан кейін бір көріп шығуымыз керек. Тексеруіміз керек. Бүгін күні бойы мына бала қайда кірді. Қандай сайт көрді. Адаспау үшін десеңіздер, - деді Әлім Шауметов.
Әсіресе, балалардың мінез-құлқы өзгере бастаса, бұған көз жұма қарамаған жөн екен. Сондай-ақ, дінге бет бұрған кез-келген жастағы адамның кәсіби мамандардың көмегіне жүгінгені абзал.
Егер де балаларымыз, туысқандарыңыз біреу намаз оқығысы келіп жатыр, мына ислам дінін білгім келеді деп жатса, білемін деп біреулермен кездесіп жүрсе, бұл кіммен кездесіп жүр, қай мешітке барып жүр, қандай кітап оқып жүр, соған біз назар аударуымыз керек. Көріп тұрсыз, баланың мінезі өзгеріп жатыр. Неше түрлі кофликттар басталып жатыр. Мына достарымен, ата-анасымен түсініспеушілік болып жатыр. Осы кезде мамандарға барыңыздар, хабарласыңыздар. Құдайға шүкір, бүгінгі күні біздің есіктеріміз ашық. Әрбір мешітте қазір сайт бар. Үкіметтік емес ұйымдар бар. Әкімдіктің теологтары бар. Біздің теологтар бар. Есігіміз ашық әрқашан да. Өзіміздің білімімізбен бөлісуге, әңгімелеусу, біз әрқашан да дайынбыз, - деді Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы.