Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакис Крит аралында велосипед теуіп жүріп, жазатайым оқиғаға тап болды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
"Саясаткер велосипедтен құлау салдарынан денесінің бірнеше жерін сырып алып, қолын жеңіл жарақаттап алған", - деп жазды Haber Global.
Мицотакис тексеруден өтіп, медициналық көмек алу үшін Криттегі ауруханалардың біріне жеткізілді.
Қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Премьер-министр ауруханадан шығарылды.