Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Еске сала кетсек, бүгін сағат 11:45-те Алматыда ер адам әуежай қызметкерін кепілге алған болатын. Ішкі рейстер терминалында ер адам жолаушы ретінде ұшу алдындағы тексеру аймағына барған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжатын көрсетуді өтінген кезде ол әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан.
Аталған жағдай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеткізіліп, президент қаскөйді ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өткен еді.