Қоғам

Тоқаев әуежайдағы қаскөйді ұстауға көмектескен ер адамды наградаға ұсынуды тапсырды

14:10, 07 наурыз 2025 334

Тоқаев әуежайдағы қаскөйді ұстауға көмектескен ер адамды наградаға ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақорданың ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабар берілді.

Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы әуежайында жолаушы қызметкер әйелді кепілге алғанын хабарлаған болатынбыз.

Әлеуметтік желіде қаскөйді ұстау сәті жарияланды.  

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз